Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №4 округ

Жатқанбай
Рамиль
Дүйсеғұлұлы

№4 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат

Жатқанбай Рамиль Дүйсеғұлұлы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Қордай ауданы, Аухатты ауылында туып-өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады, 2012 жылдан бері шаруа қожалығының басшысы, Қордай аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

ӘДІЛ ЖҮЙЕ – БЕРЕКЕЛІ ӨҢІР!

Сайлауалды бағдарлама

1

Фермерлерге қолдау

  • фермерлік шаруашылықтарға субсидия мен жеңілдетілген несие тәртібін түсіндіру
  • фермерлердің өтініштерін аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жеткізу
2

Суармалы су

  • суару арықтары мен каналдарын тазарту және жөндеу мәселесін көтеру
  • суармалы судың әділ бөлінуін бақылау
3

Жер қатынастарындағы әділдік

  • жер учаскелерін беру рәсімдерінің ашықтығын бақылау
  • жерге қатысты даулы мәселелер бойынша тұрғындарға құқықтық түсіндірме беру
4

Шағын бизнес және жұмыс орны

  • ауыл кәсіпкерлерінің бастамаларын қолдау
  • ауыл тұрғындарына жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру
5

Ауыл инфрақұрылымы

  • ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу және көше жарығы мәселелерін көтеру
  • инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын бақылау
Негізгі мақсат

Фермерлер мен ауыл тұрғындарының мүддесін қорғап, суармалы су мен жер қатынастарында әділдік орнатуға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №4 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Жатқанбай Рамиль Дүйсеғұлұлы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.